Тас жауған трасса: ҚазАвтоЖол жауапкершіліктен қашып отыр ма?

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотӘлеуметтік желіде республикалық тасжолдардың бірінде түсірілген видео қызу талқыға түскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Кадрдан жол бойына шашылған ірі қиыршықтар анық көрінеді. Көлікпен қозғалып келе жатқан жүргізуші бұл жағдайға наразылығын жасырмай, жауапты мекемені сынға алған.

Желі қолданушылары да пікір бөлімінде жаппай шағым жазған. Көпшілігі мұндай тастардың салдарынан көліктерінің алдыңғы әйнегі жарылып, материалдық шығынға ұшырағанын айтуда.

Мәселен, бір жүргізуші:

«Осындай тастардан алдыңғы әйнегімде төрт тесік пайда болды. Шығынды осы компания өтеп беруі керек», - деп жазған.

Тағы бір пікірде:

«Бүгін мен де жүрдім, үлкен тастар жатыр. Неге полиция бұған шара қолданбайды? Бұл апатқа әкелуі мүмкін», - делінген.

Кей қолданушылар жағдай әдейі жасалғандай әсер қалдыратынын да алға тартқан. Ал енді бірі зардап шеккен жүргізушілерді сотқа жүгінуге шақырған.

Осы мәселеге қатысты «ҚазАвтоЖол» өкілдері ресми жауап берді. Олардың мәлімдеуінше, видеода көрінген заттар тас емес, жолға себілетін арнайы материал.

Мекеме түсіндірмесінде қыс мезгілінде, әсіресе жаңбырдан кейін, бұл материал жабысып, кейін қатып қалатыны айтылған. Температура төмендегенде олар мұз болып, механикалық әсерден үгітіледі. Сондай-ақ бұл «табиғи әрі қалыпты процесс» екені, жүргізушілерге айтарлықтай қолайсыздық тудырмайтыны жеткізілген.

Алайда желідегі реакция бұған кереғар. Жүргізушілер мұндай түсіндірмені жауапкершіліктен жалтару деп бағалап отыр. Көпшілік жол сапасына жауапты мекеме келтірілген шығынды өтеуі тиіс деген талап қоюда.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.