Баланың ішегінен магнит пен бұранда табылды

1 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Қалалық балалар клиникалық ауруханасыІші қатты ауыратынын айтып, шағымданған бала қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдеммен жеткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Анасы баланың іші қатты ауырғанын айтқан.

“Уақыт өтсе де жағдайы жақсармады, ішінің ауырғаны басылмады. Сондықтан біз көмекке жүгініп, баланы ауруханаға жеткіздік”, – дейді анасы.

Қабылдау бөлімшесінде кезекші хирургтар баланы тексеріп, іш қуысын рентгенге түсіретін болды. Дәрігерлердің айтуынша, тексеру барысында ішекте бөгде заттар анықталған. Оның ішінде магнит, бұранда және металлзат болған. Тексеруден кейін бала балалар хирургиясы бөлімшесіне жатқызылып, шұғыл операция жасалған.

“Операция барысында ішектен бөгде заттар алынды: магнит, бұранда және алтыбұрышты гайка”, – деді мамандар.

Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында жатып ол қажетті ем алып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.