Өзен бойындағы көпірдің астынан әйел адамның мәйіті табылды
1 514
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Семейде әйел Ертіс өзені бойындағы көпірден секіріп кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметі мен полиция қызметкерлері келген. Қаза тапқан әйелдің денесі Ертіс өзенінің мұзынан табылған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен қаза тапқан әйелдің мұндай қадамға баруына не итермелегені анықталуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Қаз
Рус






