Тазартқыш сұйықтық ішкен 1,5 жастағы бала мүгедек болды

1 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© freepik.comБір жарым жастағы бала абайсызда тұрмыстық тазартқыш құралды ішіп қойып, өңешін қатты күйдіріп, гастростомамен өмір сүріп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Палводар тұрғыны әлеуметтік желіде ұлымен болған қайғылы жағдай туралы айтып берген. Оның сөзінше, бір жарым жастағы бала байқамай «Азелит» атты тазартқыш құралды ішіп қойған. Салдарынан баланың өңеші қатты күйіп, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Сәби гастростомамен өмір сүріп жатыр, яғни тамақ арнайы түтік арқылы берілген. Баланың отбасы ем алу үшін үнемі Астанаға барып тұрған. Анасы болған жағдайды өте ауыр қабылдап, өзін кінәлі сезінген.

«Мен өзімді кешіре алмаймын. Бір сәттік немқұрайлықтың салдары осындай болды», — дейді ол.

 Балаға ұзақ уақыт ем қабылдау қажет. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр. Мамандар ата-аналарды тұрмыстық химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға шақырады. Өйткені мұндай құралдар кішкентай балалар үшін аса қауіпті болуы мүмкін.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.