Заңсыз вейп саудасы бойынша күдіктілер анықталған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шымкентте вейптерді заңсыз сатқан күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сату жайттарының жолын кескен. Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қаладағы дүкендердің алдында вейп өнімдерін сатып жүрген екі ер адамды анықтаған. Сонымен қатар полицейлер электронды тұтыну жүйелерін мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған Түркістан облысының тұрғынын да әшкереленген. Бұл мақсатта ер адам мессенджерде арнайы топ ашып, онда вейптерді жарнамалап, сатумен айналысқан.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде құқық бұзушылардан шамамен 100 электронды тұтыну жүйелері тәркіленген. Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция шегілмейтін темекі бұйымдарының және вейптердің айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескерткен.
Қаз
Рус






