Қаланы ластап отырған кәсіпорын анықталды

1 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Көрнекі фото: ©istockphoto.comӨскемендегі қазандықта көміртек оксидінің мөлшері төрт есе артқаны анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Экология департаменті Өскемен қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде «Шығыс Жылу» АҚ-ға (№2 қазандық) қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру аясында шығарындылар көзіне бақылау өлшемдері жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша көміртек оксиді бойынша белгіленген нормативтердің 4 есе артқаны анықталған. Осылайша, аталған факт шаң-газ ұстайтын жабдықтың пайдаланылған түтін газдарын жобалық деңгейде толық тазартуды қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күндері эмиссияларды азайту талаптарының сақталмауы экологиялық рұқсат шарттарының бұзылуына әкелген.

 Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға шамамен 3,5 млн теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.Экология департаменті өңірде қоршаған ортаға теріс әсер ететін нысандардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.