Төрт баланың анасын өлтірген күдікті өзіне қол жұмсамақ болды

1 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Baq.kz архиві/ЖИҰлытау облысының Жәйрем кентінде жантүршігерлік қылмыс болды. 33 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді аяусыз өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салуға әрекеттенген,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Ер адам әйелге 20 рет пышақ сұққан. Алған ауыр жарақатынан төрт баланың анасы оқиға орнында көз жұмған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өзін жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол ауруханада полицияның тәулік бойы күзетінде жатыр.

Ұлытау облысының Полиция департаменті Жәйрем кентінде әйел адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Күдікті - әйелмен бірге тұрған 33 жастағы жергілікті тұрғын. Қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген. Қазіргі уақытта күдікті медициналық мекемеде полицияның тәулік бойы күзетінде жатыр. Сот шешімімен оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін күдікті дереу тергеу изоляторына қамалады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.