Шарм-әл-Шейхте жол апаты салдарынан 12 адам қаза тапты

385

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мысырда туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қаза тапқандардың арасында екі бала бар және 40-қа жуық адам зардап шекті. Автобус Каирден шығып, Шарм-әл-Шейхке бара жатқан кезде Каир-Суэц тасжолында аударылған. 

Апаттың қалай болғаны белгісіз, алайда жолаушылар көлігі тасжолдан шығып кетіп, аударылғаны айтылады. Соның салдарынан 12 адам қаза тапты. 38 адам зардап шекті, олардың арасында ауыр халде жатқандары бар. 30 жедел жәрдем көліктері зардап шеккендерді Суэц ауруханасына жеткізді. 

Әзірге автобуста қай елдің азаматтары болғаны белгісіз. Оның салонында туристер және жергілікті тұрғындар да болғаны анықталды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.