Ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді

1 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © Sputnik / Абзал КалиевҚостанай облысы Жітіқара қаласында ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 25-ші сәуірде болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, анасын арашаламақ болып, ортаға түскен 15 жастағы өгей ұлын пышақтап тастаған.

"Жітіқара қаласының 37 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алды. Ал оның он бес жастағы ұлы алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды",- дейді Қостанай облысының полиция департаменті.

Күдікті мен әйел заңды некеде, отбасында екі бала болған. Бірі – марқұм болған өгей ұл, екіншісі – ортақ бала.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде әйелдің күйеуін ұстаған.

"Адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.