Күйеуінің өліміне кінәлілерден өтемақы өндірілді

1 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©freepik.comҚарағандыда сот жедел медициналық көмекті тиісінше көрсетпегені үшін "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын" науқастың туысына моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда сот жедел жәрдем қызметін пациентке тиісті көмек көрсетпегені үшін жауапқа тартып, моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Іс Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы №2 сотта қаралды. Талап қоюшы әйел жұбайының жедел медициналық көмектің дұрыс көрсетілмеуінен көз жұмғанын айтқан. Жедел жәрдем шақырылған кезде марқұм кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданған. Дәрігерлер жүрекке қатысы жоқ алдын ала диагноз қойып, оны ауруханаға жеткізбеген.

Сот барысында медицина қызметкерлері ЭКГ нәтижесін қате түсіндіргені, науқастың жағдайын дұрыс бағаламағаны және қажетті ем-домды дер кезінде көрсетпегені анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша медициналық стандарттардың бұзылғаны дәлелденіп, жауапты тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Сот-медициналық сараптама марқұмның өліміне жедел миокард инфаркті себеп болғанын көрсетті. Осылайша, сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, жедел жәрдем станциясынан талап қоюшының пайдасына моральдық зиян өтемақысын өндірген

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.