Пластикалық хирургия клиникасында танымал блогер көз жұмды

1 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©Сәуле Ермаханова instagramҚазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қызы анасының қазасына байланысты желіде жағдайды толық баяндады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның қызының айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникасында липосакция отасы кезінде көз жұмған. Оның сөзінше, дәрігерлер операция жергілікті анестезиямен өтетінін және ең көбі бір жарым сағатқа созылатынын айтқан 

«Бір сағат. Бір жарым. Екі. Үш. Сұрақтарымызға ешкім жауап бермеді. Тек үнсіздік болды. Анамыздың қайтыс болғанын туысымызға кешкі сағат 18:00 шамасында ғана айтты», – деп жазды ол Threads желісінде.




Сондай-ақ отбасы жедел жәрдемнің тек кешкі сағат 19:00-де келгеніне күмән келтіріп отыр. 

«Үш сағат бойы ол жабық есіктің ар жағында жалғыз жатты. Ал біз ештеңе білмедік. Дәрігерлер неге бірден хабарламады деген сұрақ әлі де мазалайды», – деді марқұмның қызы.

Оның айтуынша, отбасы қазір дәрігерлер анасын аман алып қалуға әрекет жасалды ма және неге жедел жәрдем бірден шақырылмады деген сұрақтарға жауап іздеп жатыр.

«Анамыздың өліміне қатысты барлық мән-жай анықталмайынша, клиника жаңа пациенттерді қабылдауды жалғастырып отыр. Біз әділ тергеу жүргізуді және клиника қызметін уақытша тоқтатуды талап етеміз», – деді ол.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.