Оқушылардың қатыгездігі: екі бала ауыр соққы алған!

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © istockphoto.comӘлеуметтік желіде Құлсары қаласында бірнеше оқушының екі баланы жерге құлатып, бас-көзге демей тепкілеп жатқан сұмдық тарады,-  деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қатарластарының бұл қатыгездігі мен тасжүректігі көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отыр.

Ресми мәліметке сүйенсек, бұл оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар 13–14 жастағы жасөспірімдердің барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

 Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынған. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Барлық жиналған материалдар арнайы комиссияға жолданған.

Осы орайда «баламыз кіммен жүр, не істеп жүр?» деген сұрақ әр шаңырақта белең алуы тиіс сияқты.

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.