Жол апатын жасаған әйел жүкті екенін жалған көрсеткен

1 543

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: GhatGpt көмегімен жасалдыАқсу қаласында мас күйде жол апатын жасаған әйел жалған жүктілік анықтамасын пайдаланып, қамаудан құтылмақ болған,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, әйел жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізіп, алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасына себепкер болған.

Іс сотта қаралған кезде оның жүкті екені туралы медициналық анықтама ұсынылып, соның негізінде әкімшілік қамау айыппұлмен алмастырылған.

Алайда прокуратура жүргізген тексеру барысында анықтаманың жалған екені белгілі болған.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 416-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сонымен қатар бұл іске қатысы бар полиция қызметкерлерінің әрекеттері де тексеріліп жатыр.

Прокуратура апелляциялық шағым түсіріп, жаза түрін қайта қарауды талап еткен. Нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық алқасы бұрынғы шешімді өзгертіп, құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.