Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

368

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Қазгидромет" РМК өкілдері 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктердің болжамынша, апта соңында еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон келеді. Соның әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде ауа райы салқындайды. Десе де жауын-шашын күтілмейді дейді синоптиктер.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде -1 градусқа дейін суытады. Ал күндіз 15-27 градустан 20-30 градусқа дейін жылы болады.

 Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3-13 градустан -1 градусқа дейін суытады. Ал күндізгі уақытта 12-23 градус жылы болады деп күтуліде.

 Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде +3-13 градустан -3 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 10-20 градус жылы болмақ.

Шығыста түнде 5-13 градустан сынап бағанасы -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 17-25 градус жылы болады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 градус жылы болады деп күтілуде. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.