Отбасылық жанжал кезінде ер адам 59 жастағы өгей әкесін пышақтап тастаған

1 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: almaty.policeАлматыда түн ортасында болған отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу мәліметінше, 34 жастағы ер адам өгей әкесін асүй пышағымен бірнеше рет пышақтап өлтірген.

Оқиға Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде түнгі сағат үштер шамасында болған. Полицияңа пышақтау болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жедел жеткен. Дәрігерлер 59 жастағы ер адамды аман алып қалуға тырысқанымен, оның көп жерден пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтуына байланысты өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Тергеу мәліметінше, ол қаза тапқан ер адамның 34 жастағы өгей ұлы болып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.

Полицияның хабарлауынша, қарастырылып жатқан негізгі нұсқалардың бірі – күдіктінің анасына қатысты туындаған келіспеушіліктің салдарынан шыққан жанжал. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Аталған факті бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оқиғаның толық мән-жайы мен қылмыстың себептерін анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.