Алимент төлемеген әке 1 жылға сотталып, 7 млн теңге төлейді

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; Opennews.kz ЖИАтырау қаласында өз баласына ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарған азаматқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енгізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Сот шешімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, сондай-ақ 7 миллион теңгеден астам алимент берешегін өтеуге міндеттелді.

 Қазіргі уақытта сотталған азамат Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынып, оған сот жүктеген міндеттердің орындалуы бақылауға алынған. 

Пробация қызметкерлері азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізіп, заң талаптарын сақтау, берешекті өтеу және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 Мамандардың айтуынша, алимент төлеу – жай ғана қаржылық міндет емес, бұл әрбір ата-ананың баласы алдындағы заңмен бекітілген әрі адамгершілік жауапкершілігі. Алименттен жалтару тек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, ең алдымен баланың құқықтары мен әл-ауқатына кері әсерін тигізеді.

 Пробация қызметі сотталған азаматтардың қоғамнан оқшауланбай түзелуіне, заң талаптарын орындауына және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.