Мобильді құрылғыларды сатуға қойылатын талаптар күшейтіледі

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©ЖИ көмегімен жасалды 19 - шы маусымнан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды сатушылар үшін жаңа міндеттер мен сатып алушыларға арналған қосымша кепілдіктер енгізетін заңнамалық өзгерістер күшіне енді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агеттігі.

Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлаған. Енді сатушылар құрылғыны сатпас бұрын оның сәйкестендіру кодтары базасында шектеулердің немесе бұғаттаудың бар-жоғын тексеруге міндеттеген.         Сатып алушы сатушыға жолығып, өз қалауы бойынша мыналарды талап ете алады:

- смартфон құнын төмендету;

- кемшілікті тегін жою;

- оны жоюға жұмсалған шығындарды өтету;

- құрылғыны соған ұқсас модельге ауыстыру;

- бағасын қайта есептете отырып, басқа маркалы телефонға айырбастау;

- келісімшартты бұзып, ақшаны қайтарып алу.

Сондай-ақ сатып алушыға құрылғының верификация мәртебесін тексеру үшін сәйкестендіру кодын ұсынуы қажет. Бұл талаптар интернет-дүкендер мен электрондық сауда алаңдарына да қатысты. Сонымен қатар, верификациядан өтпеген мобильді құрылғылар сапасы тиісті емес тауар болып есептеледі. Мұндай жағдайда сатып алушы сатушыдан құрылғыны ауыстыруды, ақшасын қайтаруды, бағаны төмендетуді, ақауларды тегін жоюды немесе жөндеуге кеткен шығындарды өтеуді талап ете алады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.