Ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© PinterestТүркістан облысының тұрғыны өз анасын өлтірді деген күдікке ілікті. Күдіктінің мүгедектігі бар екен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыс Түлкібас ауданында болды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, егде жастағы әйел үйінен пышақ жарақаттарымен табылды.

Оның 40 жастағы мүгедек ұлы күдікке ілінді. Қылмыстың себебі әлі белгісіз.

"Түлкібас ауданы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.