Пәтерлердің бірінде әйелдің мәйіті табылды

1 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; PinterestОблыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Екібастұздағы Әуезов көшесі, 24-ші үй мекенжайындағы пәтерлердің бірінің есігін полицияның Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бұзып кіруге мәжбүр болған. Пәтер ішінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі (аяқ-қолдарының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

— Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.