Адам өмірін құтқарамын деп қаза тапты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан демалушыны құтқармақ болған кезде қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әкім қала тұрғындарының атынан Андрейдің әкесіне, бауырына, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жас жігіттің ерлігі Қонаев тұрғындарының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
ТЖД мәліметінше, 2026 жылғы 22 шілдеде демалыс аймақтарының бірінде суда жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, бір адам суға кеткен. Батып бара жатқан демалушыны құтқару кезінде демалыс базасының қызметкері қаза тапты.
Қаз
Рус






