Сыныптар карантинге жабылуда

390

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Маңғыстау облысында 22 cынып карантинге жабылған - деп хабарлайды Opennews.kz» ақпарат агенттігі  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, коронавирус жұқтырған оқушылардың көбі Ақтау қаласының мектептерінде тіркеліп жатыр.

Мұнда 7 оқушы ауырып, емделуде. Ал Түпқараған мен Бейнеу аудандарында 5, Жаңаөзенде – 4, Қарақияда 1 бала вирус жұқтырған.

Олардың сыныптастары да 14 күнге оқшауланып, қашықтан білім алуға көшті.

Қазіргі кезде өңірде 350 оқушы онлайн білім алуда.

Айта кету керек, денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысы әлі де "қызыл аймақта". Тек соңғы бір аптада өңірде 948 адамнан коронавирус анықталды. "Коронавируспен 22 оқушы тіркелді. Олардың бәрі жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұқтырған. Үй ошағы мен орын бойынша жақын қарым-қатынаста болған адамдар саны 331 екені анықталды.

Жалпы Маңғыстау облысы бойынша 147 мектеп бар. Офлайн оқу форматында 167255 оқушы білім алуда", - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.