Сапасыз парашюттың кесірінен сарбаз қаза тапты

424

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында әскерилердің оқу-жаттығу жиынында аспаннан секірген сарбаздың парашюті ашылмай, оқиға орнында мерт болды деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі і қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

 Оқыс оқиға 14 қыркүйекте орын алған 

Ведомство мәліметінше, Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер көз жұмды.

Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Бұрын марқұмның 50-ге жуық парашютпен секіруді орындағаны белгілі болды. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына да кірген.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.