Жол апатынан 1 адам қаза тапты, 4 адам ауруханада

1 532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қостанай облысының Полиция департаментіҚостанай облысының Науырзым ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың мәліметінше, жол апаты 2 тамыз күні сағат 09:30 шамасында Қараменді ауылының маңында JAC S3 Pro автокөлігінің қатысуымен болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылған.

Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Қостанай облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және көлік жүргізу кезінде жол жағдайын ескеруге шақырды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.