Қазақстанда болашақ зейнеткерлердің құжаттарын жасанды интеллект тексереді

1 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; Opennews.kz ЖИЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 11 тамызда өткен Үкімет отырысында бірқатар мемлекеттік қызметті проактивті форматқа көшіру жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, биылғы жылдың соңына дейін жасанды интеллектіні тағы бес бағыт бойынша енгізу жоспарланып отыр.

Үшінші тоқсанда жасанды интеллект мынадай жағдайларда қолданылады:

қандас мәртебесін беру немесе оның мерзімін ұзарту кезінде;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына жолдама беру кезінде;

кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезінде – жасанды интеллект медициналық деректерді, еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін және алған жарақаттардың салдарын талдайды; зейнетақы тағайындау кезінде – құжаттардың қолдан жасалуына жол бермеу үшін оларды таниды.

Төртінші тоқсанда бірнеше бағыт бойынша цифрлық модельдер әзірлеу жоспарланған.

"Әңгіме сканерленген еңбек кітапшаларын тану, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынымдар қалыптастыру, сондай-ақ ел кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары саласындағы тәуекелдерді анықтау үшін жасанды интеллект негізіндегі талдауды енгізу туралы болып отыр", – деп түсіндірді Еңбек министрлігінің басшысы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.