Студенттер алаяққа алданды

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; PinterestАқтауда студенттердің үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесемін деп ақша алған ер адам 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сот анықтағандай, сотталған азамат қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінің сеніміне кіріп, ақшаға оқуына қатысты мәселелерді шешіп беруді ұсынған. 

Өзінің қызметі үшін ер адам студенттерден 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәде еткен көмегін көрсетпей, алған қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған. 

Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 24 маусымдағы үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. 

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне заңсыз жолмен көмектесуге уәде беретін адамдарға сенбеуге шақырды. Оның ішінде жоғары баға қоюға, емтиханды сәтті тапсыруға немесе оқу барысындағы басқа да мәселелерді шешуге уәде ететіндерден сақ болу қажеттігін ескертті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.