Күзден бастап "Ертіс орманына" кіру ақылы болады

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИ"Ертіс орманы" резерватына кіру ақылы болады: 2026 жылдың күзінен бастап бұл жерде екі бақылау-өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр, кіру ақысын QR-код арқылы төлеуге болады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Резерват әкімшілігінің мәліметінше, екі бақылау-өткізу пунктінің біріншісі Садықащы ауылына баратын жолда орналасады. Сондай-ақ ол №1 "Ғабдул Уахит Хазірет" туристік маршрутында болады.

Екінші бақылау-өткізу пунктін Жаңауыл ауылындағы Бауртал орман шаруашылығында ашу көзделіп отыр.

"Резерват аумағына кіру ақылы болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін QR-код арқылы төлеу қарастырылған. Төлемді растайтын түбіртекті бақылау-өткізу пунктінде көрсету қажет", - делінген "Ертіс орманы" МОТР РММ әкімшілігінің хабарламасында.

Сондай-ақ кейбір қазақстандықтар үшін жеңілдіктер қарастырылғаны хабарланды.

"Резерват шекарасында орналасқан елді мекендердің тұрғындары тұрғылықты жерін растайтын құжатты көрсеткен жағдайда төлемнен босатылады", - деп толықтырды резерват әкімшілігі.

Әкімшілік қонақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қоқыс қалдырмауды және табиғатқа ұқыпты қарауды сұраймыз", - деді резерват өкілдері.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.