Дрондар құрылыстағы заңбұзушылықтарды әшкереледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астанада дрондардың көмегімен құрылыс нысандарындағы заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының прокуратурасы 20 құрылыс нысанындағы қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталған соң, құрылыс алаңдарын тексеруге кірісіп кетті.
Соның нәтижесінде 13 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Тағы 7 материал сотқа жіберілді. Дрондар үш ай бойы салынып жатқан құрылысты бақылап отырған.
Қаз
Рус






