14 жыл жасырынған қылмыскер ДНҚ есебінің арқасында ұсталды

1 534

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ДНҚ сараптамасының көмегімен ашылды. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

"Жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашу. Криминалистиканың заманауи мүмкіндіктері кезінде қылмыскерді анықтауға жеткіліксіз болған іздер мен заттай дәлелдемелерден бүгінде қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді", – деді ҚР ІІМ Оперативтік-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.

Оның айтуынша, бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашу – кешенді жұмыс. Жедел уәкілдер түрлі нұсқаларды тексеріп, байланыстар мен қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтайды. Ал криминалистер сақталған іздер мен заттай дәлелдемелерді заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып қайта зерттейді.

"Осындай мысалдардың бірі – Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған кісі өлімі. 2012 жылы бау-бақша серіктестіктерінің бірінің аумағында 62 жастағы әйел зорланып, өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмады. Алайда қылмысты ашу жұмыстары тоқтаған жоқ. Жедел уәкілдер мен криминалистердің бірлескен жұмысының, сондай-ақ ДНҚ есебі бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде күдікті анықталды. Ол – бұрын сотталған, 1964 жылы туған ер адам". Ер адам кінәсін мойындады. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, – деді Сергей Стихеев. Оның айтуынша, жүргізілген ДНҚ сараптамасы ер адамның қылмысқа қатысы бар екенін растады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.