Діни материалдарды таратқан азаматтар қашан жауапқа тартылады?

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті ресми сауалымызға жолдаған жауабында елімізде діни материалдарды таратқан адамдар қандай жағдайда және не себепті жауапқа тартылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, бүгінде қолданыстағы заңнамада діни мазмұндағы материалдарды интернет ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратуды реттеу қарастырылмаған.

– Алайда құқық қолдану практикасын ескерген жөн. Комитеттің ұстанымы – азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ескерту жасай отырып, әкімшілік шараларды барынша азайту. Бірақ қажеттілік туындаған жағдайда, әкімшілік сипаттағы тиісті шараларды қабылдау орынды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Дін істері комитеті діни ақпарат таратқан тұрғындар жауапқа тартылмайтын нақты шарттарды атады.

– Тиісті мемлекеттік органдар азаматтарды конфессияаралық немесе діни алауыздықты қоздыруға, экстремизмді немесе терроризмді насихаттауға әрі ақтауға бағытталған мәліметтері жоқ діни мазмұндағы материалдарды жариялағаны, діни мерекелермен құттықтағаны үшін жауапқа тартпайды, – делінген ресми жауапта.

Ал бұл шеңберден шығып, қоғамға іріткі салуға, елде дүрбелең туғызуға әкелетін әрекеттерге барғандар заң алдында жауап береді.

– Деструктивті діни ағымдардың идеяларын қолдау, конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, антимәдени және антиұлттық месседждерді насихаттау, митингілерге шақыру, «жиһадқа» қатысуға үндеу, сондай-ақ конфессияаралық араздықты қоздыру арқылы қоғамда алауыздық тудыруға кесірін тигізетін азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылданады, – деп мәлімдеді комитет.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.