2 жыл бойы әйелінен қорлық көрген ер адам әділдік сұрайды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бұрынғы әйелінен таяқ жеген ер адам әділдік іздейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамның айтуынша, бұрынғы жұбайы оны екі жылдан бері мазалап келеді. Оның сөзінше, әйел жиі хабарласып, соңынан аңдып, түрлі жанжал шығарады.
Екі баланы өзі тәрбиелеп отырған әке бұл жағдайға байланысты полицияға арызданған. Алайда оның айтуынша, арызына салғырт қаралып, «еркексің ғой, кешіре сал» деген жауап алған.
Қаз
Рус






