Ашуға бой алдырған такси жүргізушісі сотталды

1 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИЖамбыл облысында жолаушыны бірнеше рет балағаттаған такси жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қорлау дерегі бойынша жеке айыптау ісі Сарысу аудандық сотында қаралды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар арасындағы жанжал таксимен сапардан кейін басталған.

"2025 жылғы ақпанда такси жүргізушісі (М. есімді азамат) жәбірленушінің анасының көзінше оны балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан. Бір жылдан кейін ер адамдар арасында тағы да жанжал шыққан. Жәбірленуші такси іздейтіні туралы хабарландыру жариялағаннан кейін жүргізуші оған WhatsApp арқылы бірнеше рет қоңырау шалған. Осыдан соң жәбірленуші онымен енді байланыспауын талап етіп, дауыстық хабарлама жіберген. Жауап ретінде жүргізушіден дөрекі әрі қорлайтын сөздер айтылған аудиохабарлама келген", – делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында такси жүргізушісі кінәсін мойындап, дөрекі сөздерді ашуға бой алдырған сәтте айтқанын түсіндірді. Ол жасаған әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталған азаматтан жәбірленушінің пайдасына 20 мың теңге моральдық зиян өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.