Некені "ұзарту керек" деген хабарлама тарады, бұл қаншалықты рас?

1 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИМинистрлік азаматтарды әлеуметтік желілердегі мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде некені белгілі бір мерзім сайын қайта тіркеп, оның қолданылу мерзімін ұзарту қажет деген алаяқтық сипаттағы жалған хабарлама таралып жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның неке-отбасы заңнамасында мұндай талап жоқ. Неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі болмайды. Сондықтан оны қайта тіркеу немесе мерзімін ұзарту қажет емес.

Талғат Уәлидің түсіндіруінше, неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда неке тоқтатылады.

"Неке тек тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен бұзылады", – деп түсіндірді ведомство өкілі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.