89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күдікке ұлы ілінді

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИСолтүстік Қазақстан облысының Благовещенка ауылында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның денесінен зорлық белгілері анықталған. Көршілердің айтуынша, қарт әйел 66 жастағы ұлын картоп қазуға көмектесуге шақырған. Алайда кейін әйелдің денесі ұлының үйінің ауласынан табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа балта қолданылған болуы мүмкін. Алайда бұл дерекке қатысты түпкілікті қорытынды сараптамалардан кейін белгілі болады.
Полиция 66 жастағы ер адамды күдікті ретінде ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Полиция Благовещенка ауылының 89 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оның денесі зорлықпен қаза болған белгілерімен 2 қыркүйекте тұрғын үйдің ауласынан табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның 66 жастағы ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті бірқатар сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмысқа итермелеген себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәсі сот үкімімен ғана анықталады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.