Қазақ тазылардың көрмесі өтеді

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИ19 қыркүйекте елордада қазақы тазыға арналған моно тұқымдық көрме мен байқау өтеді, деп хабарлайды Қазақстан кинологтары одағы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара халықаралық ит көрмесі аясында ұйымдастырылады. Көрме қазақы тазыларды шетелдік сарапшыларға, кинологтарға, селекционерлерге және көпшілікке кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

Көрме барысында қазақы тазылар арнайы сараптамалық бағалаудан өтеді. Мамандар олардың тұқым стандартына сәйкестігі мен сапаларын бағалап, үздік өкілдерін анықтайды.

– Іс-шарада қазақы тазы тұқымын сақтау мен асылдандыру жұмысына ерекше назар аударылады, – делінген ұйымдастырушылардың ақпаратында.

Көрме 19 қыркүйекте Астана – Қарағанды тасжолының бойындағы Prestige Horse Club аумағында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де басталып, көрменің ресми ашылуы сағат 10:00-ге жоспарланған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.