«Қашпақ болған»: Ер адам бұзақыны полиция келгенше ұстап отырған

1 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Видеодан скринАтырауда дүкеннің терезесін таспен сындырып, қашпақ болған 20 жастағы жігітті сол маңда болған ер адам ұстап қалған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 қыркүйекте Азаттық даңғылында болған. Куәгерлердің бірі болған жағдайды видеоға түсіріп алған.

Кадрларда ер адамның жігіттің қашып кетуіне жол бермей, полиция келгенше ұстап тұрғанын көруге болады. Жас жігіт қарсылық көрсетіп, сытылып шығуға әрекет жасаған кезде, ер адам оны жерге құлатып, жібермей қойған.

Полиция келгеннен кейін 20 жастағы жігіттің мас болғаны анықталды. Оның дүкеннің терезесін не себепті сындырғаны әзірге белгісіз.

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қамауға алынған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.