Апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге притон ұйымдастырған - 15 адамға іс қозғалды

1 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Видеодан скринАстанада кәмелетке толмағандарды да тарту арқылы притон ұйымдастырды деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі . 

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында 2023-2025 жылдар аралығында апалы-сіңлі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталған.

“Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген. Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген”, – делінген хабарламада.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің клиенттердің мас күйін пайдаланып, оларға күш қолданғаны, ақша бопсалағаны және жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстап отырғаны да анықталды.

Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.

Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.