Автотұрақта бұрынғы күйеуі әйелін пышақтап өлтірген

1 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PinterestАстанада әйелге пышақ жарақатын салды деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де болған. Полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салғанын анықтаған. Жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде қаза тапқан әйелге қатысты түрлі ақпарат тарады. Желі қолданушыларының жазуынша, марқұмның есімі Жазира, 1996 жылы туған. Кей пікірлерде әйелге көлігін тұраққа қойып жатқан кезде шабуыл жасалғаны және оның артында екі баласы қалғаны айтылады. Бұл мәліметтерді полиция әзірге ресми растаған жоқ.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде күдіктінің бұған дейін учаскелік полиция қызметкері болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Астана қаласының Полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды.

Таралып жатқан ақпаратқа байланысты күдіктінің полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз, - делінген Полиция департаментінің түсініктемесінде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.