Каспийдегі жағдай кезінде тізімде болып, кейін жоғалып кетті деген сарбаздар ел алдына шықты

1 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринКаспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметкердің қаза табуынан кейін әлеуметтік желіде Айнар Ахметов пен Әли Мағауияның қайда болғаны туралы сұрақтар пайда болды. Кей жазбаларда олардың теңізде болғаны айтылып, туыстары сарбаздардың жағдайына алаңдаған. Қорғаныс министрлігі екі сарбазды ел алдына шығарып, дауға нүкте қойғысы келді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Олар екі сарбаздың теңізге кеткен 17 әскери қызметкердің қатарында болмағанын мәлімдеді.

“Оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлердің барлығы бірдей теңізде болмаған. Әрқайсысына жеке оқу міндеттері берілген.

“Оқу-жаттығу кезінде барлығына жеке тапсырма беріледі. Осы екі сарбазға қатысты да нақты міндеттер болған. Олар тапсырмаларын жағалауда орындады”, – деді Қорғаныс министрлігі өкілі.

Айнар мен Мағауияның өзі не деді?

Қорғаныс министрлігі екі сарбаздың әскери бөлімде екенін көрсетіп, олардың өзіне бірнеше сұрақ қойылған видеоны жариялады.

Алдымен Әли Мағауиядан 24 қыркүйекте қайда болғаны сұралды.

“Мен сол күні теңіз жағалауында болдым. Кемеге мінген жоқпын. Өзіме берілген міндетті, яғни теңіз жағалауын күзетуді атқардым”, – деді ол.

Әскери қызметкердің айтуынша, сол күні оған ұялы телефон қолдануға мүмкіндік берілген.

“Ата-анаммен сөйлесіп, өзімнің хәл-жағдайым жақсы екенін жеткіздім”, – деді Әли Мағауия.

Ал Айнар Ахметов те 24 қыркүйекте теңіз жағалауында болғанын және кемеге отырмағанын айтты.

“24 қыркүйек күні теңіз жағалауында болдым. Кемеге мінген жоқпын”, – деді Айнар.

Ол оқиғадан кейін үйдегілермен байланысқанын да айтты.

“Иә, хабарластым. Өзімнің хәл-жағдайымды айтып, менде бәрі жақсы екенін жеткіздім”, – деді әскери қызметкер. 

Қорғаныс министрлігі қоғамды тек ресми ақпаратқа сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Неліктен бастапқыда 19, кейін 17 әскери қызметкердің есімі айтылды?

Қорғаныс министрлігі өкілі әскери қызметкерлер санының бастапқыда 19 адам, кейін 17 адам деп көрсетілуіне де түсініктеме берді.

Ведомствоның айтуынша, алғашқы мәлімет алдын ала ақпарат болған.

“Бұл алдын ала ақпарат болды. Сол кезде хаос болды, ақпаратты жедел беру керек еді. Жағада отырып санап, жариялауға дайындауға мүмкіндік болған жоқ. Негізгі міндет – құтқару және тағы біреудің қалып қоймағанын анықтау еді”, – деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, кейін ақпарат нақтыланып, теңіздегі оқу-жаттығудың осы бөлігіне 17 әскери қызметкер қатысқаны анықталған.

“Айнар Ахметов пен Әли Мағауия теңіздегі 17 әскери қызметкердің құрамында болмады.  Олар сол күні жағалауда өздеріне жүктелген міндеттерді орындады. Әлеуметтік желіде өзін әскери қызметкерлердің туысы ретінде таныстырып, түрлі ақпарат жариялаған адамдардың мәлімдемелеріне қатысты нақты жауап бере алмаймыз”, – деп жауап берді олар. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.