Тұрғын үй өртінен 3 бала тірідей жанып кеткен

1 529

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: tolkyn.kz25 қыркүйек күні таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында қайғылы жағдай болып, жеке тұрғын үйде шыққан өрттен үш бірдей бала мерт болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Төтенше оқиға барак үлгісіндегі жеке үйде орын алған. Жалын шыққан сәтте анасы 13 жастағы баласымен бірге сыртқа шығып үлгергенімен, қалған үш сәби отқа оранған үйдің ішінде қалып қойған.

Қаза тапқан балалардың бірі небәрі 1 жаста болса, екеуі 6 және 8 жаста болған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру барысында үш баланың жансыз денесін алып шықты.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын бастады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.