Депутат мектеп асханасындағы тегін тамаққа қатысты қауіп барын айтты

1 539

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мектеп асханасы Nur.kz"Мектеп оқушылары тегін тамақтан қағылып қалуы әбден мүмкін". Мұндай ойды мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, елдегі білім ошақтарында балаларды тегін тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілгенімен, оған тиісті қаржылық қолдау көрсетілмей отыр. Салдарынан астың сапасы төмендеп, кәсіпкерлер шығынға ұшырауы мүмкін.

Халық қалаулысы қосылған құн салығын ескере отырып, тарифтерді шұғыл түрде қайта қарауды талап етеді. Ол бұл мәселе бойынша премьер-министр Олжас Бектеновтің атына сауал жолдағанын жеткізген.

Тіпті өңірлерге арнайы барып, жағдайды зерделеген. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарында мәселе шешімін тапқан. Ал өзге өңірлерде жағдай өзгермеген.

"Биыл оқу жылына мемлекет тарабынан балалардың мектеп оқушыларының тегін тамақтануына 192 миллиард теңге бөлінді. Жаңағы бөлінген қаражатты қайтадан қарастыруды ұсынып отырмыз. Яғни, салыққа, ҚҚС-қа бөлген қаражатты индексацияға бағыттауды ұсынып отырмыз", – деді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.