Құбыр құдығына түскен 20 жастағы екі жігіт улы газдан уланып көз жұмды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шымкентте құбыр та
рту жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы екі жұмысшы құдықтың ішінде жиналған ауа құрамындағы улы заттан уланып, қайтыс болған.
— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар белгіленіп жатыр, — деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаменті.
Полиция мәліметінше, өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Қаз
Рус






