Ер адам ChatGPT-дың кеңесінен кейін ауруханаға түсіп, компанияны сотқа берді

1 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАҚШ-та 39 жастағы ер адам ChatGPT әзірлеушісі OpenAI компаниясын сотқа берді. Ол жасанды интеллекттің дәрі-дәрмек қабылдауға қатысты кеңестері ауыр психикалық дағдарысқа ұшырап, ауруханаға жатқызылуына себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Вашингтон штатының тұрғыны Дэвид Розенталь ChatGPT-ті 2025 жылдың жазында пайдалана бастаған. Алғашында ол нейрожеліге өлең жазуға көмектесуін сұрап жүгінген. Алайда көп ұзамай онымен өзінің психикалық денсаулығы мен емделу мәселелерін талқылай бастаған.

Ер адам бұған дейін депрессияға және басқа да психикалық бұзылыстарға тап болған. Бір кездері ол ChatGPT-тен қандай дәрілерді бірге қабылдауға болатынын және олардың мөлшері қандай болуы керектігін сұрай бастаған.

Сотқа берілген талап-арызда Розентальдің 30 мг Adderall препаратын қабылдағаннан кейін гидроксизин ішуге бола ма деп сұраған жағдайы келтірілген. Адвокаттарының айтуынша, ChatGPT бұл препараттардың арасында қауіпті өзара әсер жоқ екенін айтып, 25 мг гидроксизин таблеткасын қабылдауға рұқсат берген.

Тағы бір жағдайда ер адам дәрігер тағайындаған көңіл күйді тұрақтандыратын препаратты қабылдамайтынын хабарлаған. Талап-арызға сәйкес, нейрожелі оның шешімін қолдап, дәріні қабылдауды біртіндеп тоқтатуға көмектесуді ұсынған.

Адвокаттардың мәлімдеуінше, ChatGPT тарапынан үнемі қолдау көрсетілуі ер адамның психологиялық тұрақсыздығын күшейткен. 2025 жылы ол бірнеше апта психиатриялық мекемеде емделген. Мекемеде белгілі бір уақыт бойы  мәжбүрлі түрде ұсталған.

Талап қоюшылардың пікірінше, жасанды интеллект тиісті лицензиясы мен қажетті біліктілігі болмаса да, іс жүзінде медициналық кеңестер берген. Олардың ойынша, жүйе тағайындалған емді өзгерту мәселесін талқылаудың орнына ер адамды емдеуші дәрігеріне жүгінуге бағыттауы тиіс болған.

Сонымен қатар талап-арызда ChatGPT кейбір әңгімелер барысында дәрігерлердің нұсқауларын орындауға кеңес бергені де мойындалады.

Енді сот әзірлеуші компанияның болжамды зиян үшін жауапты екенін немесе еместігін анықтауы тиіс. Әзірге ChatGPT жауаптары мен ер адамның ауруханаға жатқызылуы арасындағы себеп-салдарлық байланыс сот анықтаған факт емес, талап қоюшылардың мәлімдемесі ғана.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.