Қазақстанда қамауда отырған Navai жақын арада босап шығуы мүмкін – адвокат

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/navaibҚазақстанда тыйым салынған заттардың контрабандасына қатысты іс бойынша қамауға алынған рэпер Navai-дың (Наваи Бакиров) жақын арада босап шығуы мүмкін екенін адвокаты Рена Керимова мәлім етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Адвокат РЕН ТВ арнасына берген сұхбатында 19 қазанда музыкантпен кездескенін айтты. Қорғаушының сөзінше, оның жағдайы тұрақты.

«Navai-дың жағдайы өте жақсы. Бүгін оған барып келдім. Бәрі жақсы. Өзі байыпты, әзіл-қалжыңы жарасқан жігіт. Негізі, кез келген жағдайға дайын, бірақ істің жақсы аяқталатынына үміттенеді», – деді Керимова.

Қорғаушы рэпердің жақын арада қамаудан босап шығу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. Алайда оның қашан босатылуы мүмкін екенін нақтыламады.

Тергеу изоляторында өлең жазып жүр

Керимованың айтуынша, музыкант тергеу изоляторында уақытын кітап оқып, өлең жазумен өткізіп жүр. Сонымен қатар Бакиров өзінің қорғану ұстанымы мен іс бойынша егжей-тегжейлі мәліметтерді көпшілікке жариялауды жоспарлап отырған жоқ.

Адвокат мұны рэпердің шетел азаматы ретінде тергеу барысында өз жағдайын қиындатып алмауға тырысуымен түсіндірді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.