"Әкесінің қатысы болуы мүмкін": 5 жасар баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИ26 қазан күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданында 5 жасар бала қаза тапты. Баланың өліміне байланысты Әулиекөл аудандық полиция бөлімі соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Күдікті сол күні ұсталып, сот оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Баланы өлтіру") бойынша қаралып жатыр.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, баланың өліміне оның әкесінің қатысы болуы мүмкін.

Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова қаза тапқан бала балабақшаға барғанын айтты.

Оның айтуынша, баланың анасы ата-ана құқығынан айырылған.

– Отбасы тиісті органдарда есепте тұрған-тұрмағаны анықталып жатыр. Бала 2026 жылғы наурыздан бастап әкесімен бірге тұрған. Оған дейін бала әжесінің қолында болған. Соттың 2024 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес бала әкесімен бірге тұруға тиіс, алайда әжесі баланы бергісі келмеген. Артынан әкесі жалдаған адвокат араласып, бала әкесінің үйіне көшкен", – деді Несібелі Бәсенова.

Бала тәрбиеленген отбасы көпбалалылар қатарына жатады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.