«Ауыздары ине-жіппен тігіліп тұрды»:14 сарбаздың өлімін болжаған көріпкелдің сұмдық мәлімдемесі

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Democrat.kzКаспий теңізінде 14 сарбаздың қаза табатынын екі ай бұрын болжағанын айтқан көріпкел қыз журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында көпшіліктің төбе шашын тік тұрғызатын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында жүргізуші 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаздың қаза тапқанын еске салып, қонағының бұл оқиға туралы шілде айында жазғанын айтты.

Көріпкел қыздың сөзінше, ол Каспий теңізінде әскери киім киген жас жігіттердің суға кетіп, мерт болатынын алдын ала болжаған.

«Каспийде сыртқы факторлардың әсерінен жақында жас жігіттер мерт болады, суға кетеді. Әсіресе әскери киім киген деп жаздым. Содан кейін мені қатты даттады, ұрысты, сөкті. Мен қатты жыладым», – деді ол.

Алайда қонақтың ең тосын мәлімдемесі мұнымен аяқталмады. Ол қаза тапқан сарбаздардың рухтары өзінен көмек сұрағанын айтып, олардың көрінісін сипаттады.

«Қатты тоңды. Мен құрғақ орамал жапқым келді үстеріне. Орамал малмандай су болды. Олардың ауыздары ине-жіппен тігіліп тұрды. Кәдімгі ине-жіппен тігіліп тұрды. Өліп қалғандарын да түсініп тұрған жоқ», – деді көріпкел қыз.

Оның айтуынша, бұл көргендерін бұрын еш жерде жарияламаған. Өйткені мұндай әңгіменің адамдарды қорқытатынын түсінген.

Көріпкел сарбаздардың өздерінің қайда тап болғанын түсінбей, абдырап жүргендей көрінгенін де жеткізді.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқаны ресми түрде расталған. Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу басталды.

Дегенмен сұхбатта айтылған тылсым көріністер – қонақтың жеке мәлімдемесі. Олардың шынайылығын растайтын ғылыми немесе өзге тәуелсіз дәлел ұсынылған жоқ. Сондай-ақ оның шілде айында жасаған болжамының бастапқы жарияланымы әзірге тексерілген жоқ.

Сұхбат соңында Жанар Байсеміз қайтыс болған сарбаздардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, мұндай қайғылы оқиғаның қайталанбауын тіледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.