4 айлық сәбидің башпайлары кесілді: анасы дәрігерлердің салғырттығы дейді

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: threads.com/@opkka.13Шымкентте төрт айлық сәбидің аяғындағы башпайлары кесілді. Баланың анасы бұған қалалық инфекциялыаурухана қызметкерлерінің салғырттығы себеп болғанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Шымкентте төрт айлық сәби ауруханадағы емнен кейін ауыр халге түсті. Анасының айтуынша, қалалық инфекциялық аурухананың 7-бөлімшесінде баласына дұрыс медициналық көмек көрсетілмеген.  

Әйелдің сөзінше, сәбиін ауруханаға тек дене қызуы көтерілгендіктен апарған. Алайда оның жағдайы біртіндеп нашарлап, балада сепсис пайда болған. Анасы инфекциялық аурухананың 7-бөлімше меңгерушісі Г есімді дәрігер мен баласына катетер қойған медбикені жауапты деп санайды.

"Баламның аяғының бүгілетін жеріне катетер салған. Кейін аяғы көгеріп, іріңдей бастады. Дәрігер Г баламның қызуы көтеріле берген сайын укол сала берген. Ақырында сепсис пайда болды. Аяғындағы башпайларын кесуге басқа амал қалмады. Балам небәрі төрт айлық еді. Қазір Алматыда жансақтау бөлімінде жатыр. Бір айдан асты, екінші айға кетіп барады. Әлі оянбай жатыр", – деп жазды анасы әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ әйел аурухана қызметкерлерінің әрекетіне заң аясында баға беруді талап етіп, істі соңына дейін жеткізуге көмектесетін білікті адвокат іздеп жүргенін айтты.

 Денсаулық басқармасы не дейді?

Осы жағдайға қатысты Шымкент денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді. Басқарманың мәліметінше, сәбидің жағдайы бақылауға алынып, арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталған.

"Комиссия тарапынан қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша жағдайға жан-жақты баға беріліп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Яғни, қазіргі уақытта аурухана қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тексеру жүріп жатыр. Оның қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.