Ер адам әйелін өлтіріп, екі жастағы қызының денесін даладағы әжетханаға жасырған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ташкент облысында 28 жастағы ер адам мас күйінде үйіне келіп, 24 жастағы әйелін буындырып өлтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан кейін ол екі жастағы туған қызына қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасап, оны да өлтірген. Кейін баланың денесін спорттық сөмкеге салып, әкесінің үйіне апарған. Сол жерде қылмыс іздерін жасыру мақсатында қыздың денесін даладағы әжетханаға тастаған. Баланың денесі ер адам ұсталғаннан кейін табылды.
Сот талқылауы аяқталғанға дейін айыпталушы өз кінәсін мойындамай, тағылған айыптарды жоққа шығарған. Алайда сот іс материалдарын, куәгерлердің айғақтарын және заттай дәлелдемелерді зерттей келе, ер адамды әйелін өлтіргені және кәмелетке толмаған қызына қатысты жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп таныды.
Бірнеше қылмыстың жиынтығы бойынша оған ерекше режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеу туралы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаз
Рус






