Қызылордада автобустарға жасанды интеллект қойылады

1 515

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: 2GISҚызылорда облысында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін жүйелер жедел жәрдем көліктерімен қатар қоғамдық көліктерге, оның ішінде автобустарға орнатылып жатыр, - деп  Opennews.kz  ақпарат агенттігі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл бастама жол жүру ережелерін бұзу деректерін дер кезінде анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

– Орнатылған мобильді ақпараттық-бағдарламалық кешендер жасанды интеллектімен, озық камералармен және радарлармен жабдықталған. Бұл – жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі, – делінген хабарламада.

Өйткені жедел медициналық көмек қызметкерлерінің науқасқа уақтылы жетуі адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады. Сондықтан жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауы, арнайы мақсаттағы көліктердің кедергісіз қозғалуына мүмкіндік беруі және жолда мұқият болуы ерекше маңызға ие.

Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерді мұндай жүйелермен жабдықтау жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін төмендетуге және көлік қозғалысының қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.  

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.