Жаңадан салынған тротуар опырылып, қыз шұңқырға түсіп кетті

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Видеодан скринШымкентте бірнеше күн бұрын жауған нөсер жаңбырдан кейін қаланың кейбір аумағын су басты. Түркістан көшесінде жаңбыр салдарынан жақында жөнделген тротуардың сапасы сын көтермей, опырылып, жаяу жүргінші шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жаяу жүргіншілер жолы жақында ғана жаңартылған. Алайда арада көп уақыт өтпей, жабындының бір бөлігі кенеттен опырылып, өтіп бара жатқан қыз шұңқырға түскен. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазір бүлінген аумақ қайта қалпына келтірілген. Дегенмен тұрғындар жөндеу жұмыстарының сапасына күмән келтіріп, жаңа тротуармен жүруге қорқатынын айтады.

Белгілі болғандай, тротуарды жөндеумен "Қуат жылу орталық" коммуналдық кәсіпорны айналысқан. Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, нөсер жаңбыр салдарынан жылу желісі өтетін аумақтағы тротуар плитасы шөгіп кеткен. Сондай-ақ жылу құбырының тозғаны айтылды. Қазір бүлінген жер толық қалпына келтірілген.

Шұңқырға түсіп кеткен қыздың өзі де сол сәтті қорқынышпен еске алады. Оның айтуынша, жанынан өтіп бара жатқан адамдар бірден көмекке келмегенде, жағдай әлдеқайда ауыр болар еді дейді.

"Мен ашық тұрған жерді басқан жоқпын. Бәрі жабық болды, кәдімгі тротуар сияқты көрінді. Не болғанын да түсінбей қалдым. Бір кезде төменге құлап бара жатқанымды байқадым. Адамдар бірден жүгіріп келіп, қолымнан ұстап, шығарып алды. Егер олар жанымда болмағанда, қаншалықты тереңге құлап кетерімді кім білсін. Оның үстіне, күн жаңбырлы болды”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Аружан Сейдолла. 

Ол өзінің орнында кішкентай бала немесе қарт болғанда жағдай одан да қиын бола ма еді деп алаңдайды. Осылайша, жұмыстың өте сапасыз жасалғанан атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.