"Келінін өлімге жеткізді" деген ене 5 жылға сотталды

522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Тәжікстанның Турсунзаде қаласының тұрғыны келінін "өлімге жеткізгені үшін" бес жылға сотталды деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.  

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қабылданған "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес, айыпталушы Зархол Мустонованың жаза мерзімі 1,5 жылға қысқартылды.

Оның туыстары сот үкімі әділетсіз екенін айтып, жоғарғы инстанцияға шағымданатынын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, Мустонова 25 жастағы келіні Хуршеда Холмуродоваға психологиялық қысым жасап, ол биыл 12 маусымда сірке суын ішіп қайтыс болған. Марқұмның әкесі Чори Холмуродов қызы өзіне қол жұмсамағанын, оны өлтіріп қойғанын айтады.

Хуршеда Холмуродова Турсунзаде қаласындағы медициналық колледждің 4-курсында оқып жатқан. Екі жыл бұрын тұрмысқа шығып, балалы болған. Жақындарының айтуынша, күйеуінің туыстары оның оқуына қарсы болып келген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.